Оқиға
1 мин оқу 340
Тараздағы дауыл кезінде 17 жастағы жігіт қаза тапты
<p style="text-align: justify;">Жамбыл облысында қатты жел салдарынан 17 жасар жігіт мерт болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Қайғылы жағдай Жалпақтөбе ауылында болған. Ауыл тұрғыны желден ұшқан шатырын жөндеу кезінде биіктен құлап кеткен. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
«17 қараша күні сағат 17:30 шамасында Жалпақтөбе ауылының тұрғыны, 2004 жылы туылған кәмелет жасқа толмаған Адильжанов Динмухамат Харсанович қатты желден ұшқан шатырын жөндемек болып, шатырдан құлаған. Ол алған дене жарақатынан қайтыс болды», делінген хабарламада.
Бөлісу: