Аймақтар
1 мин оқу 320

Шымкентте 15 мыңға жуық тұрғын жарықсыз қалды

<p style="text-align: justify;">Шымкентте әуе желілерінің үзілуінен 14 700 тұрғын жарықсыз қалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 17 қараша күні сағат 10.00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты әуе электр сымдары мен электр қуатының үзілгенін хабарлады. 14 700 тұрғын жарықсыз қалды. «Оңтүстік Жарық Транзи» мекемесі сол күні 7491-не жарық қосты.

«18 қараша күні сағат 09.00-дегі жағдай бойынша «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС (16 бригада, 59 жұмысшы және 11 бірлік техника) жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, 7159 тұрғынға электр жабдығын қосты», деп хабарлады.

Осыдан кейін тағы 50 абонент жарықсыз қалды. Оларға сағат 13.00-ге дейін энергияны қалпына келтіруге уәде берді.

Еске салайық, 17 қарашада Шымкентте қарлы боран болды. Желдің екпіні секундына 25 метрге жетті.

Бөлісу:
Шымкентте 15 мыңға жуық тұрғын жарықсыз қалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар