Аймақтар
1 мин оқу 150

Франкфурт-Орал рейсі: 60-тан астам жолаушы эвакуацияланды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Оралда Франкфурттан ұшып келген ұшақтың 60-тан астам жолаушысы эвакуацияланды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Оқиға куәгері мәлім еткеніндей, 17 қараша күні сағат 23.00 шамасында жарылғыш зат қойылды деген хабар түскеннен әуежайда әбігер басталған.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі жалған қоңырау шалынбағанын, осы мерзімде, яғни 17 қараша күні сағат 22.00-де әуежай аумағында жоспардан тыс терроризмге қарсы жедел-тактикалық оқу-жаттығу жүргізілгенін жеткізді.

«Осыған байланысты әуежай аумағында арнайы, құқық қорғау және басқа мүдделі мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қатысуымен террористік қауіп кезіндегі іс-қимыл алгоритмі пысықталды. Франфурт-Орал ұшағымен келген 8 экипаж мүшесі мен 63 жолаушы эвакуацияланды. Бұл ретте азаматтар қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілді», деп хабарлады ведомстводан.

Бөлісу:
Франкфурт-Орал рейсі: 60-тан астам жолаушы эвакуацияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар