Спорт
1 мин оқу 190

Венгрияда шорт-тректен әлем кубогі үшін талас басталды

<p style="text-align: justify;">Бүгін, 18 қараша күні Венгрияның Дебрецен қаласында шорт-тректен әлем кубогінің үшінші кезеңі басталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Olympic.kz-ке сілтеме жасап.</p>

Спортшылар 500, 1000, 1500 м (жекелей сайыс); 3000 м (әйелдер эстафетасы), 5000 м (ерлер эстафетасы мен аралас микс-командалық) қашықтықтар бойынша сынға түседі. 

Жарысқа Қазақстан құрамасының спортшылары келесі құрамда қатысып жатыр:

Ерлер: Абзал Әжіғалиев, Еркебұлан Шамуханов, Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев, Нұртилек Қажығали.

Әйелдер: Ольга Тихонова, Мадина Жанбосынова, Алена Волковицкая, Яна Хан, Әлия Әмірғалиева, Әсел Тайшманова.

Айта кетерлігі, әлем кубогінің аталмыш кезеңі 21 қарашаға дейін жалғасады. Жарыстың бірінші күнінде іріктеу бәсекелері өтіп жатыр. 

Бөлісу:
Венгрияда шорт-тректен әлем кубогі үшін талас басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар