Бокс
1 мин оқу 380
Бокстан 2021 жылғы ӘЧ жүлдегерлері қанша сыйақы алды?
<p style="text-align: justify;">Алматыда Қазақстан бокс федерациясы 2021 жылғы Белградта өткен әлем чемпионаты жүлдегерлерін марапаттады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Қазақстандықтар 2021 жылғы әлем чемпионатында барлық 13 салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, бес медаль – екі алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алды. Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан AIBA рейтингінде бірінші, ал командалық есепте Кубадан кейін (үш алтын, екі қола медаль) екінші болды.
«Жаңа құрам өзін сәтті көрсетті. Біз тапсырманы орындап, қазақстандық жанкүйерлер үмітін ақтадық деп есептеймін. Боксшыларымызды әлем чемпионатындағы сәтті өнерімен құттықтаймын», деді федерацияның басшысы Кеңес Рақышев.
Бөлісу: