Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 262

Ахмедов Америкада дебютті жекпе-жегін өткізуі мүмкін

<p style="text-align: justify;">Бірінші орта салмақ дәрежесінде сынға түсіп жүрген қазақстандық былғары қолғап шебері Садриддин Ахмедов АҚШ-та дебютті жекпе-жегін өткізуі мүмкін, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ахмедов Америкада дебютті жекпе-жегін өткізуі мүмкін

Деректерге сенсек, қазақ оғланы 11 желтоқсан күні Харрисбургте өтетін бокс кешінде рингке көтерілуі ықтимал. Әрине, әзірге мәселе толық шешілген жоқ. Алайда ұйымдастырушылар Садриддиннің кандидатурасын назардан тыс қалдырмаған.

Бұған дейін боксшының өзі желтоқсан айында шаршы алаңға оралатыны туралы хабарлаған болатын. Дәл қазір қазақ оғланы жекпе-жекке дайындығын пысықтап жатыр. Соған қарағанда Садриддин 11 желтоқсан күні рингке шығады деген ақпарат шындыққа жанасатын секілді.  

Бөлісу:
Ахмедов Америкада дебютті жекпе-жегін өткізуі мүмкін · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар