Қазақстан
1 мин оқу 334

6 өңірге ауа райына байланысты ескерту жарияланды

<p style="text-align: justify;">Синоптиктер бірнеше өңірді ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК-ға сілтеме жасап.</p>

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с, облыстың батысында екпіні 23 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман түседі.

19 қарашада таңертең және күндіз Алматы облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, облыстың оңтүстігі мен шығысында жел солтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Ал Ақмола облысының солтүстік-батысында тұман болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстік-батысында күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Бөлісу:
6 өңірге ауа райына байланысты ескерту жарияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар