Спорт
1 мин оқу 302

Екінші орынды еншіледі

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Бұл күндері Бангладештің Дакка қала&shy;сында садақ атудан Азия біріншілігі өтіп жатқаны белгілі. Жарыстың екін&shy;ші күнінде Қазақстан командасы Сары құр&shy;лық чемпионатындағы екінші ме&shy;далін жеңіп алды.</p>

Екінші орынды еншіледі

Қазақстанның Ұлттық Олимпиада коми­тетінің мәліметінше, блоктық садақ атудан Қазақстан ерлер командасы құрлық дода­сының финалында өнер көрсетіп, күміс жүл­деге қол жеткізді. Сергей Христич, Ақ­барәлі Қарабаев және Андрей Тютюн үшті­гінен құралған Қазақстан құрамасы бас жүлде үшін өткен бәсекеде Оңтүстік Корея құра­масынан бір-ақ ұпай айырмасымен ұтылып қалды – 235:236.

Айта кетейік, бұл – Азия чемпионатындағы Қазақстан құрамасының екінші медалі. Бұған дейін классикалық садақ атудан Қазақстанның әйел­дер командасы қола медаль жеңіп алған еді.

Бөлісу:
Екінші орынды еншіледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар