Балқаш көлі Аралдың кебін киюі мүмкін
<p style="text-align: justify;">Балқаш деңгейі 2040 жылға дейін айтарлықтай таяздануы мүмкін. Мұндай болжамды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мамандары айтып отыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Ведомство Қытайдағы су қабылдағыштарды ескере отырып, көл деңгейін модельдеу жүргізген. Нәтижелер Балқаш көлінің деңгейі 341 метр сыни белгіден төмен түсетінін көрсеткен.
«Балқаш көлінің таяздануынан жағымсыз салдарлар болуы мүмкін: сулы-батпақты алқаптардың құрғауы және жойылуы; жабайы жануарлардың қоныс аудару жолдарының жойылуы, әсіресе су маңындағы жануарлардың (үйректер мен қаздар) қоныс аударуының өзгеруі, бұл олардың тарихи көші-қон бағыттарын өзгертеді; климаттың өзгеруі; аймақтың флорасы мен фаунасының жоғалуы; бүкіл көл жүйесінің жойылуы; Балқаш көлінің батыс тұщы бөлігінің тұздануы жаңа жерлерде өмір сүретін балықтардың көптеген түрінің жойылуына әкелуі мүмкін», деп ескертті Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мамандары.