Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 231

Сарапшы: Жәнібек қарсыласын нокаутпен жеңеді

<p style="text-align: justify;">HBO телеарнасының бұрынғы қызметкері, кәсіпқой бокс сарапшысы Киран Малвэйни Жәнібек Әлімханұлы мен француз боксшысы Хассан Ндам Нжикам арасында өтетін жекпе-жекке қатысты болжамымен бөлісті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Сарапшы: Жәнібек қарсыласын нокаутпен жеңеді

«Жәнібек Әлімханұлының орта салмақ дәрежесіндегі үздік 10 боксшының қатарына кіретініне сенімдімін. Бұл боксшы туралы әзірге көп адам біле бермейді. Бірақ бұл олқылықтың орны Нжикаммен өтетін жекпе-жектен кейін толтырылады. Жекпе-жек барысында Жәнібектің толық басымдыққа ие болатыны даусыз. Ол қарсыласын шамамен кездесу ортасында нокаутқа түсіріп, мерзімінен бұрын жеңіске жетеді деп болжаймын. Бұл тамаша жеңіс болады», деді АҚШ сарапшысы өз ойын түйіндеп.

Бөлісу:
Сарапшы: Жәнібек қарсыласын нокаутпен жеңеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар