БҚО тілдерді дамыту басқармасының басшысы ауысты
<p style="text-align: justify;">Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы басшысының лауазымына Ғалиев Ерлан Ерсайынұлы тағайындалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Zhaikpress басылымына сілтеме жасап.</p>
Ғалиев Ерлан Ерсайынұлы 1977 жылы туған. Білімі жоғары. Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары:
– Батыс Қазақстан облысының Жалпақтал ауданының Г.Молдашев атындағы орта мектебінің, Орал қаласының №41 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі;
– Орал қаласының №19 орта мектебі директорының тәрбие жөніндегі орынбасары;
– Орал қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Жұмыспен қамту орталығы» ММ директоры;
– Орал қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмыстары және мемлекеттік қызмет көрсету мониторинг бөлімінің басшысы – қала әкімі аппараты басшысының орынбасары;
– Орал қаласының жер қатынастары бөлімінің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы;
– Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты стратегиялық даму бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
Бүгінгі күнге дейін Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.