Әлем
1 мин оқу 280

Аргентина полициясы 17 жастағы футболшыны атып өлтірді

<p style="text-align: justify;">Аргентинаның полиция қызметкерлері &laquo;Барракас Сентрал&raquo; клубының кәмелетке толмаған футболшысы Лукас Гонсалесті атып өлтірді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Оқиға 17 қарашада Буэнос-Айресте болған. Жас футболшы үш жолдасымен бірге автокөлікте келе жатқан. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жасөспірімдер жүргізіп келе жатқан көлікке оқ жаудырған», деп хабарлайды Marca.

Ал полицейлердің нұсқасы бойынша жасөспірімдер полиция автокөлігін соғып кеткен, артынша полиция оларды тоқтатуға тырысқан. «Барракас Сентрал» ФК басшылығы әділ және адал тергеу жүргізуді талап етті.

Клубта үш күндік аза тұту жарияланып, барлық спорттық шаралар тоқтатылды.

Бөлісу:
Аргентина полициясы 17 жастағы футболшыны атып өлтірді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар