Оқиға
1 мин оқу 770

Атырауда полиция қызметкері жол апатына ұшырады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Лада 21214&raquo; маркалы қызметтік көлікті басқарған Ювеналды полиция тобының инспекторы екінші дәрежелі жолда келе жатып басты жолдағы Toyota Alphard көлігіне жол бермей жол-көлік оқиғасын жасады, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&laquo;Ақжайық&raquo; басылымына сілтеме жасап.</p>

Сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес екі көліктің де жүргізушісі мас болмаған және дене жарақатын алмаған. 

Полиция қызметкеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы «Жүргiзушiнiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының бүлінуіне алып келген бұзушылығы» бойынша хаттама толтырылып, қызметтік тергеу жүргізуде.

Бөлісу:
Атырауда полиция қызметкері жол апатына ұшырады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар