Әлем
1 мин оқу 171

Австрия дүйсенбіден бастап толық локдаун енгізбек

<p style="text-align: justify;">Австрия дүйсенбіден бастап 3 апталық толық локдаун енгізбек. Бұл шешім вакцинацияланбаған адамдар үшін локдаун жариялағаннан бірнеше күннен кейін қабылданды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="https://egemen.kz/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК таратқан мәлімет бойынша, 1 ақпаннан бастап елде вакцинация міндетті болады.

– Біз бесінші толқынды қаламаймыз, - деді Австрия канцлері Александр Шалленберг.

Германияда ковидке шалдыққан науқастарды тасымалдау үшін әуе күштері қолданылуы мүмкін. Бұл шешім көптеген федералды штаттарда реанимация бөлімшелері толығымен толтырылғандығына байланысты қабылдануда. Тікұшақтар мен әскери-көлік ұшақтары ауыр жағдайдағы науқастарды басқа федералды штаттардың немесе еуропа елдерінің ауруханаларына тасымалдауға қатыса алады.

Үндістандағы бір штат билігі covid-19 вакцинациясынсыз алкоголь сатуға тыйым салды. Сатушылар сатып алушылардан вакцинация туралы сертификаттарды талап етпейді, оларға ауызша растау жеткілікті болады.

– Толық вакцинация туралы ешқандай дәлел қажет емес. Ішімдік ішетіндер өтірік айтпайды, - деді Акциз департаментінің қызметкері Р.П. Кирар.


Бөлісу:
Австрия дүйсенбіден бастап толық локдаун енгізбек · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар