Тимофей Скатов Бразилиядағы турнирдің жартылай финалына шыға алмады
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Қазақстандық Тимофей Скатов Кампинас (Бразилия) челленджер турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Дүниежүзілік рейтингіде 259-орында тұрған Т.Скатов ширек финалда әлемнің 94-інші, осы жарыстың 4-ракеткасы, бразилиялық Тьяго Монтейромен күш сынасты. Өте тартысты өткен кездесу 3 сағат 35 минутқа созылды.
Бірінші партияда тай-брейкте қазақстандық теннисші сәтті ойнады – 7:6 (7:4). Екінші сетте корт иесі басымдылық танытты – 6:3.
Шешуші, үшінші партияда бразилиялық спортшы тек тай-брейкте ғана жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:4).
Бәсеке барысында Т.Монтейро 9 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Т.Скатов 1 эйс, 4 брейкке (10 брейк-пойнт) қол жеткізді.