Коронавирус
1 мин оқу 155

Коронавирус пен пневмониядан 21 адам қайтыс болды

<p style="text-align: justify;">Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар санын анықтады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ведомствоның мәліметінше, кейінгі тәулікте коронавирустан және коронавирус белгілері бар пневмониядан 21 адам көз жұмған.

Белгілі болғандай, 14 науқаста COVID-19 сынағы оң нәтиже, жетеуінде теріс нәтиже көрсеткен.

21 қарашадағы жағдай бойынша 30 408 адам КВИ (–26 231+ және 4 177 КВИ-) бойынша ем алуды жалғастырып жатыр, оның ішінде 6 410 науқас стационарда, 23 998 науқас амбулаторлық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ + және КВИ - бар науқастардың арасында:

  • жағдайы ауыр - 486 науқас,
  • өте ауыр жағдайда - 124 науқас,
  • жасанды тыныс алу аппаратында - 89 науқас.
  • Өткен тәулікте (20 қараша) Қазақстанда коронавирус инфекциясының
  • 1047 жаңа жағдайы тіркелді.н
Бөлісу:
Коронавирус пен пневмониядан 21 адам қайтыс болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар