Өнер
1 мин оқу 261

Қазақстандық «Томирис» фильмі Минск кинофестивалінде көрсетіледі

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық &laquo;Томирис&raquo; фильмі 27-ші &laquo;Лістапад&raquo; кинофестивалінде көрсетіледі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы таратқан мәліметке сенсек, бүгін халықаралық Минск кинофестивалінің ашылу салтанаты өтеді.

«Лістапад» - Беларусьтегі кино саласының ең ірі фестивальдерінің бірі. Биыл фестиваль 26 қарашаға дейін жалғасады.

«Лістапад» фестивалінің конкурстық бағдарламасы төрт бөлімнен тұрады: көркем фильмдер, деректі фильмдер, ұлттық байқау және «Лістападзік» балалар мен жасөспірімдер аудиториясына арналған фильмдер байқауы.

Бөлісу:
Қазақстандық «Томирис» фильмі Минск кинофестивалінде көрсетіледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар