Елбасы
1 мин оқу 250

Елбасы тұлғасы – қылқалам ұшында

<p style="text-align: justify;">Тұңғыш Президент &ndash; Ел&shy;басы кітапхана&shy;сын&shy;да &laquo;Тұл&shy;ғаның тылсым сыры&raquo; атты көрменің ашы&shy;луы өтті. Іс-шараға Пар&shy;ла&shy;мент Сенатының депу&shy;тат&shy;тары қатысты. Көрме Елбасы кітапханасы&shy;ның музей коллекциясындағы бейнелеу өнерінің туынды&shy;лары мен ыдыс-аяқтар топта&shy;маларының &laquo;портреттер&raquo; тақы&shy;рыптық тобынан дайындалды.</p>

Елбасы тұлғасы – қылқалам ұшында

Қазақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті күніне орай­ластырылған іс-шара Н.Назар­баевтың тұлғасын те­реңірек тану­ға бағытталған.

Іс-шараны ашқан Елбасы кітапханасының директоры Ба­қыт­жан Темірболат өз сөзінде: «Қа­зақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті – Елбасы зама­науи қазақстандық мем­лекет­тіліктің негізін қалаушы ретінде әлемдік саясат тарихына енді.

Көбіне Нұрсұлтан Назар­баев­тың феномені қазақ­стан­­дық жол­дың жетістігін ай­қындай­ды. Сондықтан да оның өмірі мен қызметі зерттеу­ші­лердің, журналистердің, жазу­шы­лар­дың басты назарында.

Елбасының тарихи мұра­сы­­на арналған көптеген ең­бек­­­­тің ішінде бейнелеу өнері ше­берлерінің көркем туын­ды­лары да өзекті. Осы тұс­­та біз сіздерді Нұрсұлтан Әбіш­­ұлы­ның бейнесіне басқа қы­рынан үңі­ліп, оған түрлі мә­де­ниеттер мен көркемөнер мек­тептері өкіл­дерінің көзімен қа­рауға шақы­рамыз», деді.

Сондай-ақ Парламент Сена­тының депутаты Ольга Булав­кина: «Тұңғыш Президенттің ел алдындағы үлкен жауапкерші­лігі төрткүл дүниеге көпұлтты Қа­зақстанды мүмкіндігі мол мем­­лекет ретінде көрсете біл­ді. Бей­бітшілік, келісім мен тұрақ­ты­лық тәуелсіз мемлекет құру­дың негізіне айналды», деп Ел­ба­сының саясаткерлік қырына тоқталды.

Көрмеге шетелдік көш­­бас­шылар, белгілі қоғам және мем­­лекет қайраткерлері сый­ға тарт­­қан портреттердің ша­ғын бө­лі­гі қойылған. Олар – көр­кем жә­не сәндік-қолданбалы өнер­дің біре­гей авторлық техникала­ры мен жанрларында түрлі мате­риал­дар­дан: тас, әйнек, балық терісі, тас үгін­ділері, табиғи теңіз құмы, шіл­тер сым, күріш, тары, фарфор және т.б. жасалған туын­дылар.

1

Бөлісу:
Елбасы тұлғасы – қылқалам ұшында · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар