«Қайрат» финалға шықты
<p class="2018-" style="text-align: justify;">Футболдан Алматыдағы Орталық стадионда өткен Қазақстан кубо­гының жартылай финалында жергілікті «Қай­рат» Нұр-Сұлтанның «Аста­на­сымен» күш сынасты.</p>

«Астана Аренада» өткен алғашқы кездесуде қонақтар алаң иелерінің қақпасына жауапсыз үш гол салған еді. Бұл жолы да «Қайраттың» мерейі үстем болды. Шыны керек, бірінші тайм сүреңсіз өтті. Қос команда ара-тұра шабуылдағанымен, олардың бұл әрекеттерінен ештеңе өнбеді. Ойыншылардың тепкен доптары көп жағдайда қисық кетсе, кейбір тұста қақпашылардың оңай олжасына айналды. Есесіне үзілістен кейін бәсеке жанданды. 65-минутта Мейрамбек Қалмырза Жоао Пауло тепкен допты кері қайтарамын деп өз қақпасына бағыттады. 81-минутта Хосе Канте бұрыштамадан берілген допты торда тулатса, 87-минутта Вагнер Лав кездесудің соңғы нүктесін қойды. Есеп – 3:0. Осылайша, алматылықтар финалға шықты.
Тағы бір айта кетерлігі, ойынның 70-минутында «Қайраттың» сапындағы сербиялық легионер Раде Дугалич алаңнан қуылса, 80-минутта «Астананың» жартылай қорғаушысы Мейрамбек Қалмырзаға да қызыл қағаз көрсетілді.