Қысқы спорт
1 мин оқу 270

Көңілден шықпады

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Норвегияның Ставангер қаласында конькиден Әлем кубогының екінші кезеңі аяқталды. Өкінішке қарай, Қазақ&shy;станның спортшылары бұл жарыста көңіл көншітерлік нәтиже көрсете алмады.</p>

Көңілден шықпады

Скандинавия түбегінде Екатерина Айдоваға ерекше сенім артылған еді. Ке­зінде жастар арасында әлем чемпионы атанып, Ванкувер, Сочи және Пхёнчханда алауы тұтанған Олимпия ойындарында өнер көрсеткен сақа спортшымыз 1000 метрлік қашықтықта 13-орынды қанағат тұтты. Бұл бәсекеде америкалық Британи Боудың бақ жұлдызы жанды. Жарыс жеңімпазының көрсеткіші – 1:14.168. Күміс пен қола медальды Жапонияның қос жұлдызы Михо Такаги мен Нао Кодайра иеленді. 500 метрлік сайыста «В» дивизионында бақ сынаған Айдова 10-орында қалып қойды. Ал өзге конькишілеріміздің нәтижелері одан да төмен.

Бөлісу:
Көңілден шықпады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар