Оқиға
1 мин оқу 252

Қарағанды ​​облысындағы тасжолда ірі жол апаты болды

<p style="text-align: justify;">Жезқазған-Есіл-Петропавл трассасында бірнеше көлік соқтығысып, зардап шеккен адамдар ауруғанаға жеткізілді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қарағанды ​​облысындағы тасжолда ірі жол апаты болды

«21 қарашада сағат 19:00-де 26 жастағы Hyundai Creta жүргізушісі, Жезқазған-Есіл-Петропавл тас жолында Сәтбаевқа қарай келе жатып, Chevrolet Nexia көлігімен соқтығысқан. Қатты соққыдан Hyundai Creta Daewoo Nexia көлігімен барып соқтығысқан», деп хабарлады Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметі.

Оқиға салдарынан Hyundai Creta жүргізушісі мен екі жолаушысы, сондай-ақ Daewoo Nexia жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді. 

«Факті полицияда тіркелді, оның қорытындысы бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, осыған байланысты шешім қабылданатын болады», деп атап өтті тәртіп сақшылары.  

Бөлісу:
Қарағанды ​​облысындағы тасжолда ірі жол апаты болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар