Спорт
1 мин оқу 510

«Қайрат» бас бапкерінің жалақысына қатысты ресми мәлімдеме жасады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қайрат&raquo; футбол клубы бас бапкер Құрбан Бердыевтың жалақысына қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Қайрат» бас бапкерінің жалақысына қатысты ресми мәлімдеме жасады

«Бұқаралық ақпарат құралдарында және басқа да дереккөздерде «Қайрат» ФК бас бапкері Құрбан Бердыевтың жалақысы туралы хабарлама пайда болды.

«Қайрат» футбол клубы бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді, сондай-ақ еңбек шарты талаптарының құпиялылығына байланысты маманның нақты жалақысын жариялау дұрыс емес деп санайды.

Жанкүйерлер мен БАҚ өкілдерін ресми ақпаратқа назар аударып, Алматы клубының имиджіне зиян келтіретін хабарламалардан алыс болуларын сұраймыз», делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, БАҚ беттерінде «Қайрат» бас бапкеріне жылына 600 мың доллар төлейтіні, бұл Қазақстандағы жаттықтырушылар арасындағы ең жоғары жалақы екені хабарланған болатын.

Бөлісу:
«Қайрат» бас бапкерінің жалақысына қатысты ресми мәлімдеме жасады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар