Футбол
1 мин оқу 640

Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен екі ойын өткізеді

<p style="text-align: justify;">Екі футбол Федерациясы арасындағы келіссөздер барысында тиісті уағдаластыққа қол жеткізілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ҚР Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.</p>

Еуро-2022 чемпионатына дайындық аясында Қазақстан құрамасы бас бапкер Рикардо Каканың басшылығымен Өзбекстан құрамасына қарсы екі жолдастық кездесу өткізеді.

Ойын 2021 жылдың 14 және 15 желтоқсанында елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Кездесу 19:00-де басталады.

Еске сала кетсек, Қазақстан 19 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Нидерландыда өтетін Еуро-2022 чемпионатына қатысады. Қазақстандықтардың В тобындағы қарсыластары Словения, Италия және Финляндия болады.

Бөлісу:
Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен екі ойын өткізеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар