Экология
1 мин оқу 840

«Қызыл кітапқа» енген құстарды заңсыз ұстаған азамат анықталды

<p style="text-align: justify;">Экология министрлігіне қарасты инспекторлар 18 сұңқар-ителгіні заңсыз ұстаған ел азаматын анықтады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«21 қараша күні аумақтық инспекция, Қарасай аудандық ІІБ қызметкерлері және «Охотзоопром ӨБ» РМҚК инспекторлары С.Б. Көшкінбаевтың топ жетекшілігімен бірлесіп, Қарасай ауданының «Мечта» бау-бақша қоғамының аумағындағы №93 учаскедегі контейнерден ҚР «Қызыл кітабына» енгізілген 18 сұңқар-ителгінің заңсыз ұсталғанын анықтады», деп жазады ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Аталмыш оқиғаға қатысы бар ер адам ұсталды. Құстар тәркіленіп, уақытша бағып-қағу үшін «Сұңқар» ЖШС питомнигіне жеткізілді.

Заң бұзушылық Қарасай қалалық ПБ-не беріліп, 2021 жылғы 21 қарашада ақпаратты енгізу кітабында тіркелді.

Бөлісу:
«Қызыл кітапқа» енген құстарды заңсыз ұстаған азамат анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар