Коронавирус
1 мин оқу 200

Алматыда ревакциналау науқаны басталды

<p style="text-align: justify;">Мегаполисте коронавирусқа қарсы ревакцинация науқаны басталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматыда ревакцинация жасау үшін инактивтендірілген QazVac және Sinopharm (Vero Cell) вакциналары қолжетімді. Бірінші кезекте ревакцинацияға тұрғындардың осал топтары жатады. Олар - медицина қызметкерлері, педагогтер, медициналық-әлеуметтік, жабық балалар мекемесі, 60 жастан асқан адамдар, КВИ қарсы толық вакцинация курсынан кейін антитела анықталмаған иммунитеті төмен адамдар, өз бетінше тексерілген және КВИ-ға қарсы антиденелерге зерттеудің теріс нәтижесі бар адамдар жатады.

Коронавирусқа қарсы ревакцинация векторлық вакцинадан соң 9 айдан кейін жасалады. Инактивтендірілген және м-РНК-вакцинадан соң 6 айдан кейін жасалады.

Сондай-ақ қалалық емханаларда жүкті әйелдерге, 12 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға және бала емізулі аналарға COVID-19 врусына қарсы Pfizer компаниясының «Комирнати» екпесін салу да жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Алматыда ревакциналау науқаны басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар