Өнер
2 мин оқу 523

Көңіл толқытқан кеш

<p style="text-align: justify;">Құлақтан кірген құдіретті музыка туындылары денені шымырлатып, алпыс екі тамырға рух жүгірткендей тебіренесің. Ұлт аспаптарының шертолғақ шанағынан шымыр-шымыр ноталар түлегенде ат тұяғынан сүрдекке айналған жолда жортуылда күн кешкен ұлы бабалардың мұрат-мақсаты мен асқақ арманы болған бүгінгі берекелі шақта бесік тербеткен қазақ ұлтының тектілігі қылаң береді. Міне, осындай сан толқынысқа жетелеген белгілі әнші, Қазақконцерт солисі Ерболат Шалдыбековтің &laquo;Төгейін жырды халқыма&raquo; атты жаңа концертінің куәсі болдық.</p>

Көңіл толқытқан кеш

Тыңдарманның көңілін көк теңіздей тол­қытқан, музыка өнерінің жауһар туындылары орындалған керемет кеш Қазақконцерт сахна­сында өтті. Жетісу ән­шілік-жыршылық мек­те­бінің жарқын өкілі Ерболат Шалдыбеков дәс­түр­лі әнге шөліркеген жұрттың шөлін бір басты.

Көңілдің киелі пернесін дөп басып, жан сарайын жа­­дырататын саз өнерінің сиқырына жиі елтіп кетесің. Қанша уақыт тіршілік те­пе­­ңімен жүрсең де, баба­лар­дың өміршең туындылары көкейіңде күмбірлеп қоя береді. Кеш иесінің қуа­нышына қолдау көрсеткен «Астана сазы» мемлекеттік фольк­лорлық ансамблі сах­на­да бебеу­леткенде көңіл толқи­ды.  Сахнадан ұшқан тамылжыған мөлдір туындылар, асқақ рухты күйлер жадыңда жаңғырса, жер-әлемге сыймайтындай күйге түсесің. Сонда барып шынайы өнерге деген ішкі се­зімің беки түседі.

Шындығында Ербо­лат Шалдыбековтің репер­туа­рындағы әрбір туындыны толқи тыңдамау мүмкін емес. Аттың шабысы, судың ағысынан бастап қазақы қанды тасытар небір сазды өн бойына жинаған ұлы күй­лер мен асқақ музыкаларды жоғары деңгейде орындайтын өнер иесі бүгінге дейін талай асуды бағындырып, шығармашылықтың жемісті жолын тарихи сүрдекке айналдырды.

Шара барысында күллі қазақ тыңдарман­дары­ның сүйіспеншілігіне, құрмет-қоше­ме­тіне бөленіп жүрген Жанғали Жүзбай, Ерлан Рысқали, Ардақ Балажанова, Клара Төлен­баева, Елбол Қуанбек сынды кеш қонақ­тары халықтың ыстық ықы­ласына ие болып, сахнаны дүбірге бөледі.

Кеш соңында Жамбыл Жабаевтың жырлары мен Жетісу өңірінің әндерінен жан дүниесі жадырап, рухани ләззат алған көрермен кеш иесіне алғысын айтып, тарқасты.

Бөлісу:
Көңіл толқытқан кеш · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар