«Шахтер» финалда ойнайды
<p class="2018-" style="text-align: justify;">Футболдан Қазақстан кубогының жар­тылай финалдық сайыстары аяқ­талды. Соңғы матчта «Тобыл» өз ала­ңында Қарағандының «Шахтерін» қабылдады.</p>

Аталған командалар арасындағы алғашқы ойын өте қызықты өтіп, «Шахтер» 5:2 есебімен жеңіске жеткен еді. Қостанайда да кеншілер қаласынан келген жігіттер өздерінің мықтылығын мойындатып, алаң иелерінің қақпасына жауапсыз екі гол соқты: 35-минутта Павел Назаренко нысананы дәл көздесе, араға төрт минут салып Мартин Тошев допты торда тулатты. Есеп – 0:2. Одан кейін екі команда тарапынан бірнеше қауіпті шабуылдар ұйымдастырылғанымен, таблодағы есеп өзгеріссіз қалды.
Осының алдындағы екі кездесудің қорытындысы бойынша «Қайрат» «Астананың» тас-талқанын шығарғаны белгілі. Есеп – 6:0. Міне, енді «Шахтер» жеңіске жетіп отыр. Сөйтіп, Қазақстан кубогының финалдық сайысы қарағандылықтар мен алматылықтар арасында өтеді.