Аймақтар
1 мин оқу 190

Қарағандыда 81 жастағы зейнеткерді тонап кетті

<p style="text-align: justify;">Қарағандыда 19 жастағы жігіт зейнеткерге шабуыл жасап, оның ақша салынған сөмкесін алып кеткен, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Polisia.kz сайтынің мәліметінше, 21 қарашада Қарағанды ​​полициясына көшеде қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама түскен.

«Белгісіз біреу 81 жастағы зейнеткердің басынан соғып, сөмкесін алып кеткен. Сөмкеде 12 мың теңге мен құжаттар болған. Оқиға орнына жақын маңда орнатылған бейнебақылау камераларынан күдіктінің бағыты анықталды», делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары ізін суытпай, 19 жастағы ер адамды ұстады. Айғақты зат тәркіленді, жасөспірім зейнеткерді тонағанын мойындады. Қылмыстық кодекстің 191-бабы «Тонау» бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Бөлісу:
Қарағандыда 81 жастағы зейнеткерді тонап кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар