Аймақтар
1 мин оқу 150
Ақтөбеде өртенген гараждан ер адамның мәйіті табылды
<p style="text-align: justify;">Ақтөбеде өртенген гараж ішінен адам мәйіті табылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Осы жылдың 22 қарашасында 00:05-те Ақтөбе қаласы ПБ Жедел басқару орталығының «102» пультіне Асау-Барақ көшесіндегі жеке үйлердің бірінде гараждың өртенгені туралы хабарлама түскен.
Шақырту орнына келген өрт сөндірушілер өртті сөндіру кезінде 59 жастағы үй иесінің мәйітін тапты. Өрт жылытқыш құрылғыдан шыққан деген болжам бар. Сараптама тағайындалған.
Бөлісу: