Шар қаласындағы төбелеске қатысты тергеу басталды
<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысы Шар қаласындағы жаппай төбелеске қатысты қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Кеше кешкі уақытта әлеуметтік желілерде Шар шаһарындағы көшелердің бірінде бір топ жігіттің жаппай төбелесіп жатқандығы туралы видео тарап кетті.
Онда ерегескен ер адамдардың бір-біріне атылып, былапыт сөздер айтқандары көрініс берген.
ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерекке қатысты түсінік берді.
«Аталған факті бойынша 23 қарашада Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігіне (бір топ адам жасаған бұзақылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Соның қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады. Әзірге ешкімнен дене жарақаты туралы арыз-шағым түскен жоқ. Қылмыстық істің тергелуі және оқиғаның барлық мән-жайының анықталуы департамент басшылығының ерекше бақылауына алынды», деп хабарлады ведомство өкілдері.