Қазақстанда қанша тауар биржасы жұмыс істейді?
<p style="text-align: justify;">Қазақстанда 19 тауар биржасы лицензияланған. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында биржалық сауданы дамыту және жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасын таныстырған ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес биржалық мәмілелердің саны 2009 жылғы 1 119-дан 2020 жылы 48 000-ға дейін, яғни 50 есеге жуық өсті», деді Бақыт Сұлтанов.
Бұл ретте министр атап өткендей, үш жетекші тауар биржасының («Астана», БКО, «Каспий» биржалары) биржалық тауарлар бойынша сауда-саттық көлемі 2020 жылы 291,2 млрд теңгені, яғни барлық сауда-саттық көлемінің 30%-ын құрады.
Бақыт Сұлтанов заң жобасында заңнамалық базаны халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес келтіру, сондай-ақ биржалық сауданы дамыту бойынша толықтырулар кешені көзделгенін түсіндірді.
«Оларды жүзеге асыру тұрақты және бәсекеге қабілетті отандық биржалық саланы қалыптастыруға мүмкіндік береді», деді ол.