Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 372

Сарапшы: Мексикалық боксшы 4-5 раундта құлайды

<p style="text-align: justify;">Ресейлік &laquo;неКАРАтэ&raquo; Youtube-арнасы қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов пен мексикалық Данте Хардон арасындағы шайқасқа қатысты болжамымен бөлісті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Сарапшы: Мексикалық боксшы 4-5 раундта құлайды

«Бұл жекпе-жек толық өтпейді. Қазақ боксшысы қарсыласын мерзімінен бұрын жеңетіні сөзсіз. Ол кездесулерін ұзаққа созуды қаламайды. Индонгоны да жылдам жеңгені жадымызда. Біздіңше Данияр Хардонды 4-5 раунд шамасында нокаутпен жеңеді. Мексикалық бетімен рингке сұлқ түседі. Солай болатыны анық», дейді арна иесі.

Естеріңізге сала кетейік, Данияр Елеусінов пен Данте Хардон арасындағы жекпе-жек 18 желтоқсан күні өтеді. Бұл кездесуде боксшылар IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына таласады.

Бөлісу:
Сарапшы: Мексикалық боксшы 4-5 раундта құлайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар