Әлем
1 мин оқу 233

Израильдің әуе шабуылынан екі тұрғын қайтыс болды

<p style="text-align: justify;">Сирия армиясы Израильдің әуе шабуылынан елдің екі бейбіт тұрғыны қаза болғаны туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Израильдің әуе шабуылынан екі тұрғын қайтыс болды

Сирияның САНА мемлекеттік агенттігі жариялаған әскер мәлімдемесінде Израильдің Хомс қаласына жасаған шабуылынан екі бейбіт тұрғын қайтыс болған, тағы жеті адам жарақат алған.

«Біздің әуе қорғанысымыз шабуылдаған жау зымырандарының көп бөлігін атып тастады. Көрсетілген қысым нәтижесінде екі бейбіт тұрғын қаза тапты, біреуі ауыр жарақат алды, алты әскери қызметкер жарақаттанды, материалдық залал келтірілді», делінген хабарламада.

Израиль Сириядағы нысандарға үнемі әуе шабуылдарын ұйымдастыруда. Дамаск Сирия егемендігін жүйелі түрде бұзуды тоқтату үшін Тель-Авивке қысым жасауды талап етіп, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне бірнеше рет жүгінді, өйткені мұндай агрессивті әрекеттер бүкіл аймақтың тұрақтылығына қауіп төндіреді.

Бөлісу:
Израильдің әуе шабуылынан екі тұрғын қайтыс болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар