«Дарын» сыйлығының иегерлері анықталды
<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздік ұрпақтары» республикалық жастар форумы аясында «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Сыйлықтың биылғы иегерлерін ҚР Парламенті Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев пен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева марапаттады.
«Дарын» сыйлығы биыл да 10 номинация бойынша берілді.
«Дарын-2021» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарының тімізімі мынадай:

1. «Ғылым» номинациясы бойынша сыйлық иегері – Есіркегенов Нұрғиса Аманкелдіұлы болды;
2. «Қоғамдық қызмет» номинациясында – Сансызбайұлы Балмейір, Бахретдинов Валихан Кабимуллаевич;
3. «Журналистика» номинациясы бойынша – Кеңшілік Ғалымжан Бауыржанұлы, Тұлжан Ақбөбек Нұрбаулықызы;
4. «Халық шығармашылығы» номинациясында – Елеусіз Ардақ Тимурұлы, Олжабай Темірлан Мақсатұлы, Наурыз Ернат Нұрбергенұлы;
5. «Классикалық музыка» номинациясында – Әбілда Алтынбек Еркінбайұлы;
6. «Театр және кино» номинациясында – Танабаева Ақмарал Нұрайқызы, Қанатқызы Риза;
7. «Спорт» номинациясында – зілтемірші Сон Игорь Сергеевич, дзюдошы Сметов Елдос Бақтыбайұлы;
8. «Эстрада» номинациясы бойынша – Байдүкенова Рухия Еділқызы, Алмадиев Әлібек Бекболатұлы;
9. «Әдебиет» номинациясында – Сәрсенхан Батырхан Бөріханұлы, Ахмер Біржан Ермекұлы;
10. «Дизайн және бейнелеу өнері» номинациясында – Атабек Әлібекұлы Бекболатов.
Сыйлық иегерлеріне «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы мен диплом, төсбелгі және ақшалай сыйақы табысталды.