Головкин орта салмақтың королі бола ала ма?
<p style="text-align: justify;">Matchroom Boxing промоутерлік ұйымының басшысы Эдди Хирн бүкіләлемдік бокс ұйымына және бүкіләлемдік бокс кеңесіне WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Деметриус Андраде мен WBC чемпионы Джермалл Чарло арасында жекпе-жек ұйымдастыру мәселесімен қайырылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Әлемдік бокс ұйымдарына хат жолдаған ол желтоқсанда қолғап түйістіретін Геннадий Головкин мен жапониялық Риота Мурата жекпе-жегінің жеңімпазын Андраде-Чарло шайқасында жеңіске жеткен боксшыға қарсы қойғысы келетінін жеткізді.
«Геннадий Головкин-Риота Мурата кездесуінде мерейі үстем болған боксшыны Андраде-Чарло шайқасының жеңімпазына қарсы шығарып, орта салмақтың королін анықтау керек. Абсолютті чемпион атағы сарапқа салынатын шайқас қай кезде де қызық», дейді промоутер.