Технология
1 мин оқу 316

«ТРИНТА» ЖҚ ауылдықтар үшін Kenes мобильді қосымшасын әзірледі

<p style="text-align: justify;">&laquo;Ауылдық елді мекен тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру&raquo; жобасын іске асыру шеңберінде &laquo;ТРИНТА&raquo; ЖҚ Android платформасына арналған Kenes мобильді қосымшасын әзірледі, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«ТРИНТА» ЖҚ ауылдықтар үшін Kenes мобильді қосымшасын әзірледі

Қосымшада адамның әлеуметтік, экономикалық, мәдени, саяси, азаматтық құқықтары және қоғамдық мүдделері туралы ақпарат жинақталған. Сондай-ақ, оның көмегімен қоғамдық мүддені іске асыру, кеңес алу және шағымдану мүмкіндіктері туралы, мәселен call-орталықтар, телефондар, сілтемелер және өзге де ақпараттарды білуге болады.

Қосымшада заңгерлердің тегін көмегін алу мүмкіндіктері егжей-тегжейлі сипатталған.

Қосымша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен әзірленді.

Жаңа қосымшаны https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.zubr.kenes сілтемесі арқылы жүктеуге болады.

Бөлісу:
«ТРИНТА» ЖҚ ауылдықтар үшін Kenes мобильді қосымшасын әзірледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар