Теннис
1 мин оқу 380

Қыздардың қарқыны күшті

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Бұл күндері Нұр-Сұлтандағы &laquo;Дәулет&raquo; теннис орталығында 12 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында Азияның командалық біріншілігі өтіп жатыр.</p>

Қыздардың қарқыны күшті

2019 жылы сары құрлықтың теңдессіз командасы атанған Қазақстанның қыздар құрамасы биыл да сол белеске жақындай түсті. Жарыстың екінші күні жерлестеріміз Малайзиямен кездесіп, 3:0 есебімен айқын жеңіске қол жеткізді. Бұл бәсекелерде Сәбина Шухратова Адани Райнанды, Ева Корышева Дани Даниеланы ойсырата ұтса, жұптық сайыста да қарсыластарымыз еш қайрат көрсете алған жоқ. Топтық турнир­дегі соңғы ойынды қыздарымыз енді Үн­дістан құрамасымен өткізеді. Осы матч­тың нә­тижесіне қарамастан жерлестеріміз жарты­лай финалға жолдама алу мәселесін шешіп тастады.

Ал еліміздің ұлдар құрамасы кеше Таи­ландтың теннисшілеріне 1:2 есебімен есе жіберді. Енді жартылай финалға шығу үшін қазақстандықтар Иордания ойыншыларын қалай да ұтуы керек.

Бөлісу:
Қыздардың қарқыны күшті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар