Әлем
1 мин оқу 270
Францияның Мартиника аралында коменданттық сағат енгізілді
<p style="text-align: justify;">22 қарашадан бері аралда тәртіпсіздіктер басталған, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Мартиника тұрғындары әлеуметтік дағдарыс пен ковид-рұқсатнамаларын енгізуге қарсы наразылық білдіріп жатыр.
Кариб теңізіндегі Францияның шетелдегі территориясы Мартиника аралының билігі демонстрациялар кезінде коменданттық сағат енгізді.
Шектеу жергілікті уақыт бойынша 19:00-ден 05:00-ге дейін әрекет етеді.
Тәртіпсіздік кезінде 11 адам ұсталған.
Наразылық акциясы кезінде демонстранттар көптеген көліктер мен қоқыс жәшіктерін өртеп, жолдарға тосқауыл орнатқан.
Бөлісу: