Рахмонов – Харрис жекпе-жегі қайда өтеді?
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов келесі шайқасында Мозамбик елінің үміті Карлстон Харриске қарсы сегіз бұрышқа шығатыны белгілі. Бүгін Рахмоновтың Харристонға қарсы жекпе-жегі қай жерде өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p> <p style="text-align: justify;"> </p>

Бұл туралы Шавкат Рахмонов өзінің инстаграмдағы аккаунты арқылы мәлімдеді. Сонымен қазақ оғланы 5 ақпан күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін жекпе-жек кешінде Харристің мысын басуға тырысып көреді.
Бұған дейін UFC-де екі рет октагонға шыққан қазақ спортшысы бразилиялық Алекс Оливейраны және Мишель Празеристі мерзімінен бұрын жеңген болатын. Шавкаттың қарсыласы да әзірге промоушнде екі жекпе-жек өткізіп, қарсыластарын нокаутпен жеңген.