Әлем
1 мин оқу 250

Ресейдегі шахта жарылысының себебі анықталды

<p style="text-align: justify;">Кемеров облысы &laquo;Листвяжная&raquo; шахтасындағы жарылыс метанның атылуы салдарынан болуы мүмкін. Бұл туралы&nbsp; ТАСС құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Алдын ала мәлімет бойынша, кенеттен метан атылып, кейін жарылыс болған. Бірақ, оның неліктен атылғаны әлі де белгісіз. Қазіргі уақытта тергеу органдары осыны анықтап жатыр», деді агенттік дереккөзі.

Сондай-ақ, ол шахтадағы метанға жауап беретін құрылғының жұмысы зерттеліп жатқанын айтты.

«Қазір оны да анықтап жатыр», деп қосты дереккөз.

Еске сала кетсек, Ресейдегі «Листвяжная» шахтасындағы өндірістік апат салдарынан қаза болғандардың жалпы саны 6 тау-кен құтқарушысын қоса алғанда, 52 адамды құрады.

Бөлісу:
Ресейдегі шахта жарылысының себебі анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар