Теннис
1 мин оқу 411

Дэвис кубогы: Қазақстан құрамасы Швецияны жеңді

<p style="text-align: justify;">Мадридте Дэвис кубогы финалдық кезеңінің топтық бәсекесінде Қазақстан құрамасы Швециядан басым түсті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жұптық сында Андрей Голубев пен Александр Недовесов дуэті Андре Горанссон мен Роберт Линдстердтпен кортқа шықты.

Бірінші партияда қазақстандық жұп екі брейк жасады - 6:3. Олар екінші сетте де 3:0 есебімен алға кетті. Ақыры сол қарқынын төмендеткен жоқ - 6:3.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған кездесу барысында А.Голубев пен А.Недовесов 3 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жіберген жоқ. Осылайша Қазақстан құрамасы топтық бәсекедегі алғашқы матчта Швецияны 2:1 есебімен жеңді.

Енді қазақстандық теннисшілер Канада командасымен ойнайды.

Бөлісу:
Дэвис кубогы: Қазақстан құрамасы Швецияны жеңді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар