Әлем
1 мин оқу 430

Ұлыбританияда 112 мың адам жарықсыз қалды

<p style="text-align: justify;">Жұма күні кешке Ұлыбританияға келген &laquo;Арвен&raquo; дауылы салдарынан үш адам мерт болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://ru.euronews.com/2021/11/27/ru-storm-arwen-batters-uk" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Euronews</a>-ке сілтеме жасап.</p>

Бір күн бұрын Біріккен Корольдіктің метеорологиялық қызметі күшті желдің салдарынан ел аумағында қауіптің ең жоғары қызыл деңгейін жариялады.

Дауылдың екпіні 44 м/с-ке жетті. Англияның солтүстігінде 112 мың адам электр желілерінің үзілуіне байланысты жарықсыз қалды.

Сондай-ақ «Арвен» дауылы екпінді желден бөлек, Шотландия, солтүтік және орталық Англияға қар әкелген.

Сенбі күні таңертең жел басылып, билік мұз бен қардың салдарынан ауа райы қолайсыз болатынын ескертті.

Бөлісу:
Ұлыбританияда 112 мың адам жарықсыз қалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар