Бокс
1 мин оқу 350

Желтоқсанда жұдырықтасады

<p style="text-align: justify;">Екінші орта салмақта жұдырықта&shy;са&shy;тын қазақстандық боксшы Бек Нұр&shy;ма&shy;ғанбет (5-0, 3 КО) кәсіпқой бокстағы ке&shy;лесі кездесуіне дайындықты бас&shy;тады.</p>

Желтоқсанда жұдырықтасады

Алдын ала мәлімет бойынша Нұрма­ған­бет шаршы алаңға желтоқсан айында кө­те­ріледі. Айқастың нақты қашан және қай­да өтетіні алдағы уақытта анықталады. Деген­мен ол елімізде өтетін кештердің бірін­де өнер көрсетуі мүмкін. Қазіргі таңда ол Алма­тыда жаттығу жұмысын өткізуде.

Бек кәсіпқой бокстағы соңғы кездесуін қыр­күйекте Нұр-Сұлтан қаласында өткізіп, 30 жастағы мексикалық Бруно Сандоваладан (21-5-1, 17 КО) айласын асырып, WBA International белбеуін жеңіп алды. Кейін 23 жастағы отандасымыз әуесқой боксқа қайта оралып, Сербияда өткен әлем чемпио­натында бағын сынаған еді. Бірақ Белград­тағы біріншіліктің бірінші айналымында ол бразилиялық Кено Мачадодан ұтылып қалды.

Бөлісу:
Желтоқсанда жұдырықтасады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар