Финалға шыға алмады
<p class="2018-" style="text-align: justify;">Төрт кезеңге жалғасқан шорт-тректен Әлем кубогы жарысы өз мәресіне жет­ті. Қазан айында Қытайда басталған бай­рақты бәсеке кеше төртінші кезең­мен Нидерландтың Дордрехт қала­сында аяқталды.</p>

Алғашқы екі кезеңді тамаша өткізіп, жүлдегерлер қатарынан көрінген Мәдіғали Қарсыбеков шәкірттері кейінгі кезеңдерде өз мықтылықтарын дәлелдей алмады. Дордрехттегі додада бақ сынаған қазақстандық спортшылардың бірде-біреуі финалға шыға алмады.
500 метр қашықтық бойынша бақ сынаған Денис Никиша мен Әділ Ғалиахметов ширек финалда сүрінді. Ал команда лидері болған Абзал Әжіғалиев жартылай финалдан кейін жарыстан шығып қалды. Сондай-ақ 5000 метрге жарысудан эстафетаға қатысқан Қазақстан ерлер құрамасы да финалдан тыс қалды.