JETI QAZYNA коллекциялық монеталары сатылымға шығады
<p style="text-align: justify;">Қазақстан Ұлттық банкі 2021 жылғы 30 қарашадан бастап «Дала қазынасы» сериясымен шыққан JETI QAZYNA коллекциялық монеталарын сатылымға шығарады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Номиналы 500 теңгелік монеталар мен блистерлік жинақ www.kazcoins.nationalbank.kz платформасында ҚҰБ интернет-дүкені арқылы сатылады.
«Ежелгі аңыз бойынша, қазақ халқының басты жеті қазынасы болған: ер жігіт, сұлу әйел, құмай тазы, ақыл-білім, берен мылтық, жүйрік ат және қыран бүркіт. Ақылды жар – отбасының берекесі, құмай тазы – аң аулаудағы серігі, берен мылтық – ұрыста сәтсіздікке ұшыратпайды, жүйрік ат пен қыран бүркіт – жауапты сәтте көмекші, ал жан-жақты білім – дана шешім қабылдауға көмектеседі деп есептелген», деп атап өтеді Ұлттық банктен.