Оқиға
1 мин оқу 183

Қызылордада жеңіл көлік дарияға түсіп кетті

<p style="text-align: justify;">Қызылорда қаласында жеңіл көлік дарияға түсіп кетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қызылордада жеңіл көлік дарияға түсіп кетті

Оқиға облыс орталығындағы «Рисмаш» аумағында түнгі сағат 03:54 шамасында болған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне дарияға «Daewoo Nexia» автокөлік түсіп кеткені туралы айтылған.

«Көліктің ішінде екі адам болған. Оның біреуі - 1994 жылғы азамат өз күшімен жағаға шыққан. Сол жастағы тағы бір азамат көліктің ішінде қалып қойған. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағынан 1 техникамен 5 адам барды», деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова. Ведомство мәліметінше, құтқарушылар 04.20-да су асты іздестіру жұмыстарын бастады. Әзірге нәтиже жоқ.

Бөлісу:
Қызылордада жеңіл көлік дарияға түсіп кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар