Әлем
1 мин оқу 314

Жатақханадағы жарылыстан 10 адам зардап шекті

<p style="text-align: justify;">Ташкенттегі кәсіпорындардың бірінің жатақханасында газ жарылып, он адам жан сақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жатақханадағы жарылыстан 10 адам зардап шекті

Бұған дейін елдің Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі Ташкенттің Сергелия ауданындағы ұн шығаратын Uzmil ЖШС аумағындағы жұмысшыларға арналған жатақханада өрт шыққанын хабарлады. Ғимаратта болған 43 адамның 18-і түрлі дәрежедегі күйікпен республикалық шұғыл медицина ғылыми орталығына жеткізілді. Қаза болғандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Бөлісу:
Жатақханадағы жарылыстан 10 адам зардап шекті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар