Футбол
1 мин оқу 431

Неймар ауыр жарақат алды

<p style="text-align: justify;">&laquo;ПСЖ&raquo; футбол клубы Франция чемпионатының 15 турында &laquo;Сент-Этьен&raquo; командасымен кездесіп, сырт алаңда 3:1 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Неймар ауыр жарақат алды

Бұл күні испаниялық қорғаушы Серхио Рамос «ПСЖ» сапындағы бірінші ойынына қатысты. Ол алаңда толық 90 минут ойнады. 

Команданың бразилиялық легионері Неймар алаңға негізгі құрамда шығып, 88 минутта өте ауыр жарақат алды. «Сент-Этьен» футболшысы Иван Масонмен болған соқтығыста Неймардың сол тобығы айналып кетті. Алаңға айқайлай құлаған ол сол күйі орнынан көтеріле алмады.

Дәл осындай жағдайда жарақат алған футболшылар жасыл алаңға ұзақ уақыттан кейін оралатын. Неймар да біраз емделетін сияқты.

Бөлісу:
Неймар ауыр жарақат алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар