Жас ғалымдар бас қосты
<p style="text-align: justify;">Тұңғыш Президент күніне орай жас ғалымдардың «Қазақстан. Еуразиялық интеграция идеясы. Ғылыми-қолданбалы аспект» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Іс-шараға Еуразиялық интеграция саласындағы зерттеулермен айналысатын Қазақстан, Ресей, Қырғыз Республикасы және Беларусь елдерінің жас ғалымдары қатысты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Сөз сөйлеушілер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық интеграция идеясын қалыптастырудағы және ілгерілетудегі ерекше рөлін атап өтіп, әлеуметтік-экономикалық қана емес, ғылыми-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету үшін Еуразиялық кеңістіктің ғылыми қоғамдастығы арасында ұзақ мерзімді өзара іс-қимыл стратегиясын құру қажеттілігі туралы мәлімдеді.
Пікірталас қорытындысы бойынша жас зерттеушілер еуразиялық кеңістікте экономикалық, мәдени және ғылыми өзара іс-қимыл үшін жаңа диалог алаңдарын құру қажеттігі туралы пікір білдірді.
Конференцияға 30-дан астам жас ғалымдар қатысты. Іс-шараны ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитеті, «Жастар» ҒЗО және Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ұйымдастырды.