Әлем
1 мин оқу 310
Ыстанбұлда дауылдан жараланғандардың саны 38 адамға жетті
<p style="text-align: justify;">Түркияның денсаулық сақтау министрлігі Ыстанбұлдағы дауылдан жараланғандардың саны 38 адамға жеткені жайлы ақпарат таратты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қала билігі қатты желдің салдарынан төрт адам қаза тауып, 19 адам жарақат алғанын хабарлаған.
«Табиғи апат салдарынан 38 адам жарақат алды, тағы 4 адам қайтыс болды», делінген министр Фахреттин Ходжаның хабарламасында.
Бұған дейін Түркияның жағалау күзеті басқармасы қатты желдің салдарынан Босфор бұғазындағы кемелер қозғалысын тоқтата тұруға мәжбүр болып отырғаны туралы хабарлаған еді. Дәл сол себепті Turkish Airlines авиакомпаниясының бірнеше ұшақтары Ыстанбұлға қона алмаған.
Бөлісу: